03-05-24 |
4170 рет қаралған
Ұзынкөл ауданында 1400-ден астам жас көшет отырғызылды.
Ұзынкөл ауданында 1400-ден астам жас көшет отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қостанай облысының әртүрлі аудандарында абаттандыру және көгалдандыру қарқынды жүріп жатыр. 3 мамырдан бастап акцияға жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың, білім беру ұйымдарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлері мен ауданның жеке кәсіпкерлері қосылды.

“Бүгін ауылдастарымызбен «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күнінде» көшет отырғызу акциясына қатыстық. Менің ойымша, бұл адамдарды біріктіретін өте жақсы іс-шара. Новопокровка ауылының тұрғындары ауылдық округ әкімі Ербол Боржаковтың іс-шараға қатысуға шақыруын жауапсыз қалдырмады. Мұндай акция осымен ғана тоқталмай ауыл мен аудан үшін жақсы дәстүрлі түрде қайталанады деп үміттенеміз”, -деді Новопокровка ауылының тұрғын Анастасия Хлыбова.

Тараптардың әрқайсысы облысты абаттандыруға үлес қосуды өз міндеті деп санайды. Ауқымды акцияға қатысушыларды Ұзынкөл ауданы әкімдігінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, Ұзынкөл ауданы ауылдық округтерінің әкімдері қолдады. Жалпы аудан бойынша белсенділер 1400-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды.

“Отырғызылған ағаштардың негізгі бөлігі алдын ала әкелінген алма мен пирамида терек көшеттері болды. Бұл бастама өңір халқының оң пікіріне ие болуда. Жұмыс ауданның елді мекендерін абаттандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жалғастырылатын болады”, – деп атап өтті Ұзынкөл ауданы әкімдігінің өкілдері.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда 2021 жылдан 2026 жылға дейін 2 миллиардқа жуық ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Қостанай облысында Әулиекөл мен сегіз уақытша және екі тұрақты орман алқабы бар. Қазіргі уақытта өңірде тұқым қорын ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды республикалық экологиялық акция 8 сәуірде басталып, бүкіл ел аумағында бес аптаға созылады. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.

Бірінші аптада 13 сәуірге дейін «Таза өлке» іс-шарасы аясында елді-мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды жинады.

20 сәуірге дейінгі апта «Киелі мекен» деген атаумен тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналды.

27 сәуірге дейін «Жасыл аймақ» атауымен апта ағаш көшеттерін жаппай отырғызуға, жасыл желектерді ақтауға арналды.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Мұнда белсенділер ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалап абаттандырады. Ал соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деген атпен белсенділер су айдындарының, өзендер мен көлдердің арнасын қоқыстан тазартатын болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.