16-05-22 |
1020 рет қаралған
Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаржысын жымқырды деп күдікке ілінді.
Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаржысын жымқырды деп күдікке ілінді

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, қазіргі ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.

Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады», делінген ақпаратта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.