12-10-20 |
410 рет қаралған
Бішкекте тағы төтенше жағдай енгізілді.
Бішкекте тағы төтенше жағдай енгізілді

Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізу туралы жаңа Жарлыққа қол қойды. Президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Бішкек қаласының аумағында 2020 жылдың 12 қазаны сағат 20.00-ден 2020 жылдың 19 қазаны сағат 07.00-ге дейінгі аралықта төтенше жағдай енгізіледі. Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев Бішкек қаласының коменданты болып тағайындалып, елде коменданттық сағат енгізілді. Жарлыққа сәйкес, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, митингілер мен шерулер өткізуге болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін 9-шы қазанда енгізген болатын. Алайда, бұл шешім Жоғарғы Кеңестің талқылауынан өтпегендіктен президент Жарлықты жаңартуға мәжбүр болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.