04-04-22 |
360 рет қаралған
Байден Путиннің әскери қылмысы үшін трибунал құруға шақырды.
Байден Путиннің әскери қылмысы үшін трибунал құруға шақырды

АҚШ президенті Байден Путиннің әскери қылмысы үшін трибунал құруға шақырды.

«Бучада не болғанын көрдіңіздер ғой? Сұмдық Біз Украинаға күресті жалғастыруға қажетті қару беруді жалғастыра береміз», – деді Байден.

АҚШ президенті Буча қырғынан соң Ресейге салынатын санкцияның күшейтілетінін және Буча қырғынына байланысты барлық детальдарды жинап, әскери қылмысқа қатысты сот процесін өткізу керектігін де айтқан.

Сондай-ақ еуропалық комиссия Урсула фон дер Ляйен еуропа одағы Укаринаға Буча қырғынын құжаттау үшін тергеушілер тобын жіберетінін айтқан.

Киев облысының Буча қаласы Ресейден азат етілген соң, бейбіт тұрғындардың қырылғаны анықталды. Қалаға келген әлемдік баспасөз өкілдері де ол фактіні растады. Украина бас прокуроры Ирина Венедиктова Бучадан 410 бейбіт тұрғынның мәйіті табылғанын хабарлаған.

Ал Ресей Буча қырғынын АҚШ тың қолымен жасалған кезекті қойылым деп Украинаны айыптап отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.