02-11-21 |
480 рет қаралған
Балаева: «Facebook» компаниясының біріккен мәлімдемені теріске шығаруына қатысты.
Балаева: «Facebook» компаниясының біріккен мәлімдемені теріске шығаруына қатысты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева facebookпен бірлескен мәлімдеме жөнінде пікірін жариялады. Министрдің айтуынша, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша «Meta» («Facebook») компаниясының өңірлік офисімен жүргізген.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында «Meta» («Facebook») компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Өңірлік кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонэхи мырзаның (Ben McConaghy) теріске шығарған мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша «Meta» («Facebook») компаниясының өңірлік офисімен жүргізді.
1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жарниялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын», – деп жазады министр.

Бұған дейін Meta Platforms (Facebook) компаниясының Азия Тынық мұхит аймағы бойынша саяси коммуникация директоры Бен Макконахи Қазақстан үкіметімен ешқандай бірлескен мәлімдеме болмағанын reuters-ке айтқан еді.

«Біріншіден, біз қазақ үкіметімен ортақ мәлімдеме шығарған жоқпыз. Қазақ үкіметі биліктің жергілікті заңды бұзатын контенттерге тыйым салу туралы өтініштері бойынша өткен ғаламдық талқылау негізінде өзі мәлімдеме жасады» деген Бен Макконахи reuters-ке берген жауабында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.