06-01-19 |
5170 рет қаралған
Дональд Трамп: Ауғанстандағы соғыс КСРО-ның құлауына әкелді.
Дональд Трамп: Ауғанстандағы соғыс КСРО-ның құлауына әкелді

АҚШ трезиденті Дональд Трамп Совет Үкіметінің құлауын Совет әскерінің Ауғанстандағы соғысқа қатысуымен байланыстырды, деп хабарлайды arasha.kz Ауғанстанның телеграф агенттігіне (АфТАГ) сілтеме жасап.

АҚШ президентінің сөзінше, КСРО-ның Ауғанстанға басып кіруінің бірден бір себебі, Одаққа террористер тудыратын қауіптің алдын алу мақсаты. Бірақ Д. Трамптың пікірінше, бұл соғыс КСРО-ны әлсіретіп, оның құлауына алып келді.

«Олар [КСРО] дұрыс істеді. Бірақ мәселе мынада, ол үлкен шайқас болатын және соның салдарынан олар [КСРО] тақырға отырды. Совет Үкіметінен айырмашылығы, олар Ресей деп атала бастады», – деп жазады ТАСС Трамптың сөзін келтіріп.

Сонымен қатар, Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ Ауғанстанға «миллиардтаған және миллиардтаған долларларды құртып жатыр». Оның сөзінше бұл елде Ауғанстанның көршілері – Пәкістан, Ресей мен Үндістан соғысуы керек. Сонымен қатар мемлекет басшысы «Америкадан 6 мың миль қашықтықтағы» АҚШ әскерінің Ауғанстанда барына күмән келтірді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.