28-02-22 |
470 рет қаралған
Елімізді азат еткенше соғысамыз – Зеленский.
Елімізді азат еткенше соғысамыз – Зеленский

Ресей әскері Украинаның екінші ірі қаласы Харьковке кірді, қала маңы мен қала ішінде кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Бұл туралы Азаттық жазады.

Харьков әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов Ресейдің Украинаға шабуылының төртінші күні жеңіл әскери техника қалаға басып кіргенін мәлімдеді.

Бұл ақпаратты Украина ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко да растап, бірнеше жеңіл ұрыс техникасы Харьков көшесінде кетіп бара жатқанын Telegram арнасында көрсетті.

Олег Синегубов қала тұрғындары үйде отыруға шақырды.

«Харьковке жаудың жеңіл техникасы кірді. Қала орталығында да жүр. Назар аударыңыздар! Сыртқа шықпаңыздар! Украина қарулы күштері жауды жояды»,– деп жазды ол.

Украина астанасының тұрғындары 27 қаңтар күні таңертең жарылыс болып жатқанын хабарлады. Жарылыс Киевтің оңтүстік-шығыс бөлігінде болған – Ресей Киевтің оңтүстігіндегі Васильков қаласындағы мұнай базасына соққы берген.

«Жау бәрін жойғысы келеді»,- деді Васильков қаласының басшысы Наталья Баласинович.

Харьков түбінде қақтығыс болып жатқан кезде Украина президентінің офисі Ресей әскері қаладағы газ құбырын жарғанын мәлімдеді. Үкімет түтіннен қорғану үшін терезеге ылғал мата немесе дәке тұту қажеттігін ескертті.

Зеленский офисі Жуляны әуежайында тағы да жарылыс болғанын хабарлады. Украина әскері Киев қорғанысын ұстап тұрғанын, Ресейдің қалаға кіріп кеткен «диверсиялық топтарын» жойғанын хабарлады.

«Елімізді азат еткенше соғысамыз»,- Зеленский видео мәлімдемесінде.

Еуропа одағы, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ жетекшілері Ресейдің кей банктерін SWIFT жүйесінен ажыратуға және Ресей Орталық банкін шектеуге уағдаласқан.

26 ақпанда Украина денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко Ресей шабуылының салдарынан 198 адам өліп, мыңнан астам адам жараланғанан хабарлаған. Ресей соғыс құрбандарын жариялаған жоқ.

26 ақпанда БҰҰ босқындар ісі бойынша агенттігі Украинаның 120 мыңнан астам азаматы шетелге кеткенін хабарлады. Негізінен әйелдер мен балалардан тұратын босқындар Польша, Румыния, Молдова және Венгрияға кеткен. Әскерге жарамды ер адамдарды Украинадан шығармайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.