19-06-19 |
1800 рет қаралған
Еуропа қазақтары Тоқаевқа: Қазақстанда бостандықты буындыруға кiрiсiп кеттiңiз.
Еуропа қазақтары Тоқаевқа: Қазақстанда бостандықты буындыруға кiрiсiп кеттiңiз

Еуропа қазақтары президент Тоқаевқа ашық жазып, фейсбук әлеуметтік желісінде жариялады. Онда еуропа қазақтары президент Тоқаевқа: «Сайлау өткелi төртiншi күн, Елiмiзде демократияның орнына диктатура орнатып жатқанға ұқсайды, жастарды түрмеге қамап, оларға » iштi, шектi, экстермист» деген жала жауып Қазақстанда бостандықты буындыруға кiрiсiп кеттiңiз» дейді.

«Құрметтi Тоқаев мырза, Европа елдерiнде тұрып жатқан қазақ қауымы Сiздi Қазақ Елiнiң Президентi болып сайланғаныңзға шын жүректен құттықтай отырып, алыста жүреген 5 млн. қазақтың жанына батып жатқан кешегi Елiмiздегi уақиғаға көңiл аударуыңызды талап еткiмiз келедi.

Сiз 15 жылдан аса БҰҰ-да қызмет атқардыңыз, бүкiл дүние жүзiнде бостандық, демократия, адам баласының құқығын сақтау, адам баласының ойын тыңдау деген ұғымдар Сiз үшiн бос сөз емес екенiн бiлемiз.

Сайлау өткелi төртiншi күн, Елiмiзде демократияның орнына диктатура орнатып жатқанға ұқсайды, жастарды түрмеге қамап, оларға » iштi, шектi, экстермист» деген жала жауып Қазақстанда бостандықты буындыруға кiрiсiп кеттiңiз.

Мұның арты жақсылыққа әкелiп соқпайды, қантөгiстi ешкiм қолдамайды, бiрақ халықтың төзiмiнiң де шегi бар, оны бүгiн түсiнген жөн, ертең кеш болады.

ҚР бiр Қытайдан келген жан-ұяны қорғай алмай отыра, ендi бүкiл Қазақ Елiн осы Үкiмет қорғай алады дегенге көпшiлiк күмәнденедi.

Сондықтан, егерде Елде тыныштық пен бiрлiк болсын десеңiз, бар ұсталған адамды түрмеден шығарыңыз, басқа жол жоқ.

Екiншiден, бар билiктi өз қолыңызға алып Қазақ халқына бет бұрыңыз, қазақ халқы Сiздiң тiрегiңiз, козак пен диаспора емес. Тек Қазақ халқы.

Шетте жүрген 5 млн. қазақ бiрiншi қазақ халқымен бiрге, содан кейiн Сiзбен бiрге. Осы тығырықтан шығу жолында бiз қол үшiн созып, көмек көрсетуге дайынбыз» делінген хатта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.