25-09-19 |
500 рет қаралған
Грета Тунберг өзін келеке еткен Дональд Трампқа жауап қайтарды.
Грета Тунберг өзін келеке еткен Дональд Трампқа жауап қайтарды

Біріккен Ұлттар Ұйымының климат бойынша саммитінде өзінің жалынды сөздерімен елдің көңілін селт еткізген 16 жасар Швед экобелсендісі Грета Тунберг өзін келеке еткен АҚШ президенті Дональд Трампқа жауап қайтарды.

Тунбергтің БҰҰ саммитіндегі сөзінен кейін Трамп twitter парақшасында «жарқын да керемет болашақ күтіп тұрған бақытты қызды көру сондай жағымды!» деп мысқылдаған еді.

Осыдан кейін 16 жасар белсенді  АҚШ президентінің сөзінен цитата келтіріп, өзінің twitter-дегі мұқабасын жасыл желектің суретіне өзгертіп қойды.

Биыл Грета Тунберг Нобельдің Бейбітшілік марапатына үміткер болып отыр. Былтыр тамызда Грета Шведция парламентінің алдында алғаш жалғыз пикет өткізген. Ол мемлекет басшылығынан климаттың ғаламдық жылынуына байланысты Париж келісіміне қол қоюын талап кеткен.
Осыдан кейін ол жұма күндері мектепке барудан бас тартып, «Болашаққа арналған жұма» акциясын ұйымдастырды. Оның бастамасын басқа елдердегі оқушылар қолдап, жалғыз пикетке шығатындар көбейді.
Кішкене күнінде Гретаға Аспергер синдромы, обсессивті-компульсивті бұзылу и селективті мутация диагноздары қойылған.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.