22-10-20 |
880 рет қаралған
Грузия: 43 адамды кепілге алған қылмыскер қашып кетті.
Грузия: 43 адамды кепілге алған қылмыскер қашып кетті

Грузияның Зугдиди қаласында банкке жасалған қарақшылық кезінде кепілге алынған 43 адам босатылды. Бірақ 3 адамды тірі қалқан ретінде қолданып, қашып кеткен күдікті ұсталған жоқ.
«Арнайы операция әлі аяқталмады. Расталмаған ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз. Қарақшы кепілге алған 43 адам босатылды», – деді ІІМ өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда Грузияның Зугдиди қаласындағы банктің бөлімшесіне пулеметпен және гранатамен қаруланған қарақшы басып кірген болатын. Ол адамдарды кепілге алып, 500 мың доллар талап еткен. Полиция көлігіне мініп ізін суытқан қылмыскерге қатысты әзірге басқа ақпарат жоқ. Ол тәртіп сақшыларынан ақша мен тікұшақ талап еткен көрінеді. Грузияның БАҚ қарақшыға талап еткен соманың берілгенін хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.