20-06-22 |
590 рет қаралған
Иран азаматтарына 14 күн визасыз жүруге рұқсат берілді.
Иран азаматтарына 14 күн визасыз жүруге рұқсат берілді

Қазақстан мен Иран президенттері арасында келіссөздер өтті. Қазақстан президенті Иран азаматтарының ел аумағында 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат берілетінін мәлімдеді Ақорда.

«Біз Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат береміз. Бұл түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, іскер топ өкілдерінің байланысын жандандырады. Барыс-келіске тың серпін беріп, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Иран кәсіпкерлері осы жеңілдікті кеңінен қолданатынына сенімдімін», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін, 19 маусымда мемлекет басшысы президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді. 

Сапар барысында Тегеран қаласында жоғары деңгейде келіссөз жүргізілетіні және оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылатыны хабарланған еді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.