08-10-20 |
800 рет қаралған
Әлиев пен Пашинян телеарна арқылы пікір алмасты (видео).
Әлиев пен Пашинян телеарна арқылы пікір алмасты (видео)

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Әрмения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты өз ұстанымдарын Euronews арнасына берген эксклюзивті онлайн сұхбатта мәлімдеді.
«Атысты біржақты шешіммен тоқтату мүмкін емес, оған екі тараптың да атсалысқаны жөн. Өздеріңіз білетіндей, Әрмения біздің шебімізге 27-ші қыркүйекте шабуыл жасап, инфрақұрылымымызға залал келтіріп, бейбіт тұрғындардың үрейін қашырды. Әрмяндардың шабуылынан, баллистикалық және кассеталық бомбалардың салдарынан 30-дай бейбіт тұрғынымыз қаза болды. Соңғы үш айда Әрмения бізге үш рет шабуыл жасады», – деді Ильхам Әлиев.
Өз кезегінде Пашинян бұл пікірді жоққа шығарып, Әзірбайжанды Таулы Қарабақта этникалық тазарту жүргізбек болды деп айыптады.
«Әрмения мен Қарабақтың бұл соғыста әскери мақсатты көздеуі мүмкін емес. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен халықаралық қауымдастықтар бұл жайында хабарлап жатыр. Біздің міндетіміз саяси сипаттағы мәселені шешу. Біздің мақсатымыз – әрмян халқын геноцидтен қорғау. Бұл өзін-өзі қорғау. Қарабақ мәселесін күшпен шешу мүмкін емес. Озбырлықпен ешнәрсе шеше алмаймыз. Ал, Әзірбайжан осындай саясат жүргізіп келеді», – деді Пашинян.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.