12-10-20 |
750 рет қаралған
Лукашенко билігі халыққа оқ атуға дайын екенін айтты.
Лукашенко билігі халыққа оқ атуға дайын екенін айтты

Белорусь ішкі істер министрінің бірінші  орынбасары Геннадий Казакевич биліктің Минскіде тәртіпті сақтау үшін қару қолдануға дайын екенін айтты.

«Минскідегі қарсылық ұйымдастырылған және өте радикалды бола бастады. Сондықтан ішкі істер қызметкерлері мен әскерилер көшеден кетпейді. Қажет болған жағдайда арнайы құрал мен қару қолданады» деп мәлімдеді Казакевич.

«Қарсылықтың ұйымдастырылған және радикалды бола бастауының дәлелі өткен жексенбідегі акция. Акция кезінде тас, бөтелке лақтырылып, пышақ қолданылды. Кешке баррикада құрылып, доңғалақ өртелді. Мұның азаматтық қарсылыққа жатпайтыны белгілі» деді Казакевич.

9 тамызда болған Белорусь президенті сайлауынан кейін халық сайлау нәтижесіне қарсы шықты. Қарсылық әлі толастаған жоқ. Сайлау қортындысы бойынша Лукашенко президент болып сайланды. Оны АҚШ және батыс елдері президент ретінде мойындамады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.