14-08-20 |
390 рет қаралған
Лукашенконың қарсыласы алты күннен бері хабарсыз кеткен.
Лукашенконың қарсыласы алты күннен бері хабарсыз кеткен

Белорусьтегі президент сайлауының экс-кандидаты Виктор Бабарико 6 күннен бері хабарсыз.

«Біз қорғауымыздағы адамды өткен жұмадан бері, яни 6 күн көрген жоқпыз» деп жазады Бабариконың адвокаттарының бірі – Дмитрий Лаевский.

Оның айтуынша, Белорусь КГБ-ның тергеу абақтысына адвокаттары кіргізбей отыр. Адвокаттар тұтқынның құқықтары бұзылып отырғанын айтып, елдің бас прокуратурасына бірнеше рет арыз жазғандарымен әлі жауап алмаған.

Ал бүгін Белорусь орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының соңғы қортындысын жариялады. Нәтижеге қарағанда, Лукашенко  80,1%  дауыс алса, Тихановская — 10,1%  дауыс жинаған.

Бірақ Белорусьтегі қарсылық әлі тоқтаған жоқ. АҚШ, Германия, Литва бастаған бірқатар елдер Белорусьтегі жағдайды сынады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.