26-05-20 |
640 рет қаралған
Мас жүргізуші 6 жыл полицияда жұмыс істеген.
Мас жүргізуші 6 жыл полицияда жұмыс істеген

фото: polisia.kz

Екі полиция қызметкері қаза тапқан жол апатын жасаған мас жүргізуші 6 жыл полицияда жұмыс істеген. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты.

«Жол апатын жасаған жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген.  6 жыл полиция қатарында жұмыс істеген ол қызметін дұрыс атқармағаны үшін төрт рет тәртіптік жаза алған. Осы жағдай оның ішкі істер органынан жұмыстан шығуына себеп болған. Бірақ ол одан сабақ алмаған.  Заңды бұзып, ауыр салдары болатынын біле тұра мас күйінде рульге отырып, қылмыс жасады» деді Таймерденов.

Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылындағы блок бекетте жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Тағы бір полицей ауыр халде ауруханада жатыр. Жол апатын жасаған мас жүргізушінің полиция қызметкері екені туралы 25 мамырда әлеуметтік желіде хабар тараған. Іле шала Алматы полиция департаменті ол ақпаратты растамай, жоққа шығарған еді. Ал бүгін Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы мас жүргізушінің 6 жыл полицияда жұмыс істегенін жария етті.

Алматы полициясының бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан түсінбестік тудырып, полиция неліктен мас жүргізушінің полицей болғанын жасырып қалғысы келгеніне наразы пікірлер жазуда. Әртүрлі әлеуметтік желі топтарында бұл оқиға ішкі істер министрлігінің қызметіне тағы да нұқсан келтіріп, қоғамың полицияға сенімін жойды деген сипатта жазбалар көбейді.

Президент Қ.Тоқаев қызмет бабында қаза тапқан екі полицей: Жарас Жанғазиев пен Дастан Абдықановты «Айбын» орденімен марапаттады. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.