26-04-24 |
4380 рет қаралған
Федор Емельяненко Қазақстанға келеді.
Федор Емельяненко Қазақстанға келеді

Аралас жекпе-жек шебері Федор Емьяненко 2 мамырда Алматыда Балуан Шолақ атындағы Аренада өтетін Alash Pride FC 96 нөмірлі турнирінің құрметті қонағы болады.

Белгілі спорт функционері және Alash Pride промоушенінің негізін қалаушы, ал қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов жанкүйерлерді Қазақстан, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келетін атақты спортшылар өнер көрсететін шоу күтіп тұрғанын айтты.

– ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланғалы бері «Алаш Прайд» клубын басқаруды Әлімжан Бектаевтың қолына тапсырдым. Ол ұзақ жылдар бойы отандық спорттың дамуына үлес қосып келеді. Біздің жауынгерлер елімізде де, шетелде де тұрақты түрде жекпе-жек өткізеді. Алдағы турнир бірнеше себеппен ерекше болады деп уәде берді. Біріншіден, мықты кард болады. Мақсат Есболатов, Несіпбай Мұқағали, Досқали Әшіров, Рауан Бекболат Бразилия, Ресей және Өзбекстаннан келген мықты қарсыластармен жұдырықтасады. Сондай-ақ басқа да көптеген қызықты шайқастар болады. Екіншіден, жанкүйерлер әлемнің үздік ММА жұлдыздарын өз көздерімен көре алады. Оның ішінде атақты Федор Емельяненко да бар. Мұндай дәрежелі адамның келуі қазірдің өзінде ММА жанкүйерлерінің қызығушылығын арттырып, жекпе-жек өнерін одан әрі танымал етеді деп сенемін. Турнир ешкімді бей-жай қалдырмайтынына және оның соңында көрермендер жағымды және ұмытылмас әсерге ие болатынына сенімдімін», – деді Данияр Қасқарауов.

1 мамырда турнирдің ұйымдастырушылары мен Федор Емельяненконың Қазақ спорт және туризм академиясының студенттерімен кездесуі жоспарланған, оның барысында Федор шеберлік сабағын өткізіп, жанкүйерлердің сұрақтарына жауап береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.