25-04-22 |
340 рет қаралған
Назарбаев «Қазақ елінің Тәуелсіздігінің негізін қалаушы» болып Ата заңға енеді – заңгер.
Назарбаев «Қазақ елінің Тәуелсіздігінің негізін қалаушы» болып Ата заңға енеді – заңгер

Коституциядағы 91 баптың екінші тармағы және 46 баптың төртінші тармағында көрсетілген Елбасы статусы Ата заңнан алынды ма? Орталық коммуникациялар алаңында өткен «Екінші республика. ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты осы сұрақ көтерілді.  Аталған сұраққа арнайы жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов жауап берді.

 – Коституциядағы 91 баптың екінші тармағы және 46 баптың төртінші тармағында көрсетілген Елбасы статусы Ата заңнан алынды ма?

Ең бірінші 46 баптағы жазылған статус, өкілеттілігі Коституциялық заңда көрсетіледі деп айттым ғой. Бірақ статусты 91 бапта бекітіп отырсақ, онда Елбасы статусы керек емес. Алдында біз Коституцияда өкілеті деп жазғанбыз. Ол кезде өкілеті Қауіпсіздік кеңесі заңында болды. Жақында аталған заңнан экс-президенттің Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясындағы өкілеті алынды. Осыдан кейін экс-президенттің ешқандай өкілеті қалмайды. Сол себепті Ата заңда тұңғыш президент деген статус беріліп отыр. Онда «Қазақ елінің Тәуелсіздігінің негізін қалаған президент» деген сөз жазылған.

– Ата заңдағы Елбасы деген статус алына ма, алынбай ма? Осыған нақты жауап беріңізші. Мұны қоғам және журналистер қауымы талап етіп отыр. Бүгінгі күні Елбасының статусы Коституцияда ғана емес, сонымен қатар экс-президент Коституциялық кеңестің де мүшесі болып отыр ғой. Президентік қызметтен кетсе де ол әлі күнге дейін заңдарды қадағалап отыр. Сіздер қоғамның талабына құлақ асамыз деп отырсыздар. Бірақ сіздер бүгінге дейін қоғамның бір талабын назарға алған емессіздер…

Мен сізге Ата заңдағы 46 баптың керек емес екенін айтып отырмын ғой. Өйткені статусы бекітілді. Одан басқа ешқандай статус болмайды. Ұзын сөздің қысқасы 46 баптың төртінші тармағы алынып тасталады. Енді Елбасының ешқандай өкілеттілігі жоқ. Мысалы Коституциялық сотта қазір Коституциялық кеңестің мүшесі бола алады. Бірақ Конституциялық кеңес саяси орган. Ал егер де Конституциялық сот болғанда ол жерде нағыз заңгер мамандар отыруы керек. Сол себепті онда экс-президенттер отырмайды. Өйткені ол жерде бірінші президент сот, судия бола алмайды. Сол үшін мен сіздерге Елбасының ешқандай өкілеті жоқ деп айтып кеттім ғой.

– Қазір сіз Конституциялық кеңестен кететінін қазір сіз айтып отырсыз. Мен сізге Коституциядағы 91 баптың екінші тармағы мен 46 баптың төртінші тармағында көрсетілген Елбасы мәртебесі туралы айтып отырмын…

Ата заңдағы 46 баптың төртінші тармағы мүлде болмайды. Ал 91 бапта тұңғыш президент «Қазақ елінің Тәуелсіздігінің негізін қалаушы» деген сөз ғана қалады. Басқа ешқандай сөз жоқ.

P.S.

Ермек Баяхметұлының сөзіне сенсек, экс-президенттің өзін және отбасы мүшелерін қылмыстық қуадалаудан арашалайтын заң Ата заңнан алынып тасталатын секілді. Бұл әрине, жақсы жаңалық. Алайда тұңғыш президенттің мәртбесін Коституицяда жазу қаншалықты дұрыс. Бұл мәселені алдағы уақытта тарқатып жазатын боламыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.