11-04-19 |
1580 рет қаралған
Оңтүстік Корея абортқа тиым салатын заңды алып тастамақ.
Оңтүстік Корея абортқа тиым салатын заңды алып тастамақ

Оңтүстік Кореяның конституциялық соты абортқа тиым салу конституцияға қайшы деп тапты. БиБиСидің жазуынша, Конституциялық сот аталған заң 2020 жылға дейін қаралып бітуі керек деп шешті.

1953 жылы Оңтүстік Кореяда аборт жасауға тиым салу туралы заң қабылданған. Заңды бұзған әйелге айыппұл салынады немесе қамауға алынады. Сондай-ақ аборт операциясын жүргізген дәрігерді де жауапқа тартады. Тек зорлық көрген, инцест немесе жүктілік денсаулығына қауіп төндірген жағдайда ғана әйел азаматқа жасанды түсік рұқсат етілген.

Корей халқынан алынған сауал нәтижесінде тұрғындардың 58% абортты шектеу заңын алып тастағанды қалаған.

Бұл мәселе 70 әйелге аборт жасаған дәрігерді жауапқа тарту кезінде көтеріле бастады. Ол сот отырысы кезінде аталған заң әйелдердің құқығын шектейтіндігін айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.