08-02-18 |
7750 рет қаралған
Қош бол, Қазақстан!.
Қош бол, Қазақстан!

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдері 2017 жылы қанша қазақстандықтың елден кеткенін мәлімдеді.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, 2017 жылдың 12 айында 37 704 адам елден кеткен, олардың 35 680-і – қазақстандық. Басым көпшілігі, яғни 87 пайызы немесе 32 875 адам Ресейге кеткен. Германияға – 2960 адам, Беларуське – 288, АҚШ-қа 284 және Израильге 127 адам кеткен. 
Ал келгендердің саны – 16 081 адам. Олардың 11 596-сы – ТМД-дан және 4 мыңы басқа елдерден келген. Қазақстанға көбіне Өзбекстан (5 196), Ресей (4 383), Қытай (3204) елдерінен азаматтар келетін болып шықты.

Қазақстанда 2017 жылдан 2018 жылдың қаңтарына дейін 238 864 адамға көбейген.

Еске салайық, 2016 жылы елден кеткендер саны 32 930 болған.

Дереккөз: Ult.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.