Logo
Іздеу
Айдарлар

БҚО-да әкімнен ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

/
БҚО-да әкімнен ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды
instagram.com/bukenov_aibolat

Бірқатар дереккөздердің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаменті әлеуметтік желілердегі бірнеше паблик пен арнаның иесі, блогер Айболат Бөкеновты ұстады.

Бөкенов Зачаганск ауылының әкіміне қатысты ар-намысына тиетін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

2025 жылғы 16 шілде күні күдікті ақша алып жатқан сәтінде ұсталып, кінәсін мойындаған. Аталған факт бойынша «Бопсалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Айболат Бөкенов өз әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты сыни жазбаларды тұрақты түрде жариялап келген.