Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Бейімбет Майлин ескерткішінде фотосессия жасаған 18 жасар бойжеткен жауапқа тартылды

Бейімбет Майлин ескерткішінде фотосессия жасаған 18 жасар бойжеткен жауапқа тартылды
Сурет: видеодан скрин

Астана қалалық Полиция департаменті Бейімбет Майлин ескерткішіне шығып, суретке түскен қыздың кім екенін анықтады. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанадағы Жазушылар аллеясында түсірілген видео желіде үлкен резонанс тудырды. Кадрларда қыздың қазақ жазушысы Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шығып, суретке түсіп жатқаны көрінеді.

Пайдаланушылар қыздың бұл әрекетін тарихи тұлғаға және қоғамдық орынға деген құрметсіздік деп бағалап, қатаң сынға алды.

Видео тарағаннан кейін полиция қызметкерлері қыздың жеке басын анықтады. Ол Астана қаласының 18 жасар тұрғыны болып шықты. Ол «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасына жеткізілді.

Полиция қызметкерлері бойжеткеннің ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Іс бойынша материалдар сотқа жолданды.

Тәртіп сақшылары ескерткіштер мен мәдени мұра нысандарына қатысты мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын еске салды.

Сонымен қатар, полиция ескерткіштер мен мәдени нысандарды қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланып, қылмыстық жауапкершілікке дейін алып келуі мүмкін екенін баса айтты.