Ақтау қаласының прокуратурасы "Mangystau Oil Refining" ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жалақыны уақытында төлеу мәселесіне қатысты елеулі заңбұзушылықтарды анықтаған.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың қаңтарынан наурызына дейін кәсіпорын 241 қызметкерге жалақы төлемеген. Жалпы қарыз сомасы 197 миллион теңге.
Қадағалау органының қабылдаған шаралары нәтижесінде қызметкерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді.
Еңбек заңнамасын өрескел бұзған заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін мұнайшылар Қазақстан Президентіне, облыс әкіміне, прокурорына және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек инспекциясы комитеті басқармасының басшысына бейнеүндеу жолдаған еді.