11-12-20 |
520 рет қаралған
Польша: Қазақстандық студентті атып өлтірген күдікті өмір бойы түрмеге тоғытылуы мүмкін.
Польша: Қазақстандық студентті атып өлтірген күдікті өмір бойы түрмеге тоғытылуы мүмкін

Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді деп айыпталған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 51 жастағы отставкадағы полицейдің осыған дейін де отбасылық зорлық-зомбылық үшін ескерту алғаны анықталды. Ішімдікке әуес болғандықтан офицер озбырлығы үшін полициядан жұмыстан қуылған. Қайғылы оқиға кезінде оның жанында болған 41 жастағы шіркеу қызметкеріне де зардап шегушіге жәрдем көрсетпегені үшін айып тағылды.
«Бұл аңшылықтағы жазатайым оқиға емес, кәдімгі бандиттік әрекет. Біздің білуімізше, нысанды айыра алмау туралы сөз болған жоқ, нысанның жанында басқа да адамдар болды. Менің ойымша, ол жабайы жануар мен адамның айырмашылығын ажыратуы тиіс еді», – дейді Польшаның аңшылық жөніндегі жоғарғы кеңесінің президенті Рафал Малец.
Оқиғадан кейін тінту жүргізген полицейлер күдіктіден 4 аңшы мылтығын тәркіледі. Сонымен бірге оның ешқандай психологиялық тесттен өтпегені анықталды. Қазақстандық студентті атып өлтірген күдікті Польша заңы бойынша 25 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 1 күні Польшаның Ополе-Любельске оқитын қазақстандық студент достарымен бірге интернаттан 200 метрдей жерде орналасқан бау-бақшаға серуенге барады. Кенеттен көліктің дауысын естіген жасөспірімдер тоғай ішіне жасырынған. Осы кезде оқ атылып 16 жастағы қазақстандыққа тиген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.