20-01-22 |
660 рет қаралған
Қаңтар оқиғасы: Зардап шеккен полицейлер мен өрт сөндірушілер, дәрігерлерге өтемақы беріледі.
Қаңтар оқиғасы: Зардап шеккен полицейлер мен өрт сөндірушілер, дәрігерлерге өтемақы беріледі

Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен полицейлер, өрт сөндірушілер, дәрігерлерге өтемақы беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді. Ауыр жарақат алғандар екі миллион теңге, орташа жарақат алғандар – бір миллион, жеңіл жарақат алғандар – бес жүз мың теңге алады», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін қаңтар оқиғасы кезінде 225 адам қаза болғаны хабарланған. Әлі күнге дейін қаза болғандардың ішінде қанша адам бейбіт шеруге шыққандар екені анықталған жоқ. Сондай-ақ қаңтар оқиғасынан зардап шеккен, қаза болған қарапайым азаматтарға өтемақы беру мәселесі көтерілген жоқ.

Баспасөз мен әлеуметтік желілерде қаңтар оқиғасынан соң ұсталған азаматтардың мәртебесі анықталмай, ұрып-соғуға ұшырап жатқаны көптеп жариялануда.

Президент Тоқаев әлеуметтік желілердегі ұсталғандардың соққыға жығылу фактісі көбейгені туралы қоғам наразлығынан соң, тергеуді әділ жүргізуге және жазаны жеңілдетуге шақырған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.