28-09-20 |
400 рет қаралған
Қарабақтағы қақтығыста жүздеген адам қаза болды.
Қарабақтағы қақтығыста жүздеген адам қаза болды

Әзірбайжанның әскери күштері қарсы шабуыл барысында әрмян десантты-шабуыл батальонының командирі, подполковник Лерник Бабаянды жойды. Әскери бөлімнің жеке құрамы да үлкен шығынға батты. Бұл жайында бүгін Әзірбайжан қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, Талыш ауылының маңындағы ұрыс кезінде қаза болған және жарақат алған әрмян жауынгерлерінің саны 550 адамды құрайды. Бұған қоса, әскери және азаматтық госпиталдарда орын мен қан қоры жетіспей жатқан көрінеді. Әзірбайжан әскерінің барлау ақпаратына сәйкес, 22 танк, 15 зенитті-ракеталы кешен, 18 пилотсыз ұшатын аппарат, 8 артиллериялық қондырғы, 3 қару-жарақ қоймасы жойылған.
Естеріңізге сала кетейік, Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйек таңғы сағат 5.00 кезінде басталған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.