26-11-20 |
520 рет қаралған
Қазақстан Қырғызстанға 400 миллион теңгенің көмегін берді.
Қазақстан Қырғызстанға 400 миллион теңгенің көмегін берді

Қазақстан Қырғызстанға 400 миллион теңге гуманитарлық көмек берді. 

«Оның құрамында «Тыныс» АҚ-да өндірілген «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасы және Алматыдағы «Dolce pharm» ЖШС және Жамбыл облысында орналасқан «Mega pharm» ЖШС шығарған 2 млн. медициналық бетперде бар».

Гуманитарлық көмек президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай көрсетілген.
Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 400 млн. теңгеге жуық. Гуманитарлық көмекті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырған.

Жүкті Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары қабылдап алған.

Мұның алдында өкпені жасанды желдету мобильді аппараттары бірнеше облысқа жетпегені әрі кейбірінің жұмыс істемей тұрғаны туралы ақпарат шыққан. Биыл коронавирус өршіген кезде Қазақстанның өзінде де маска, дәрі-дәрмек, өкпені жасанды желдету мобильді аппараттары жетіспеді. Ол Қазақстанға көптеген елдер гуманитарлық көмек берген еді.

 

фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.