23-02-24 |
17170 рет қаралған
Ақмола облысында прокуратура 730 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алуды тоқтатты.
Ақмола облысында прокуратура 730 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алуды тоқтатты

Шортанды ауданының прокуратурасы 730 млн теңге сомасын құрайтын заңсыз мемлекеттік сатып алудың алдын алды.

Аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларын сақтау бойынша талдау жүргізді.

Ауданның жергілікті атқарушы органының мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында блок-модульдік қазандықты бәсекелестік емес жолмен, яғни бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы сатып алуды көздегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған сатып алудың күші жойылып, жыл сайынғы жоспарға ашық конкурс арқылы сатып алуды ұйымдастыру бойынша өзгерістер енгізілді.

Осылайша, аудан прокуратурасының қабылданған шараларымен 730 млн теңгені құрайтын заңсыз сатып алудың алды алынып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.