13-02-24 |
11670 рет қаралған
Аққулардың қырылуы: Rixos Waterworld Aktau қонақ үйіне 3 млн теңге айыппұл салынды.
Аққулардың қырылуы: Rixos Waterworld Aktau қонақ үйіне 3 млн теңге айыппұл салынды

Экологиялық инспекция жүргізген тексеру қонақ үй кешенінің ағынды суларды тазарту үшін ақаулы құрылғыларды пайдалануына байланысты заң бұзушылықтарына жол берілгенін көрсетті. Нәтижесінде қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің асып кетуіне жол берілді.

Осы бұзушылықтар үшін қонақ үйге 3 млн теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды, ол қысқартылған тәртіппен өндірілді.

Бұдан басқа, рұқсат етілген шекті шоғырлану нормативтеріне сәйкес тазарту дәрежесіне жеткізілгенге дейін Қаракөл көліне сарқынды суларды ағызуды тоқтата тұру, немесе қалалық кәріз желілеріне сарқынды суларды бұру қажеттілігі туралы нұсқама берілді.

 Бүгінгі күні Rixos WaterWorld Aktau қалалық кәріз желілеріне қосылған, ал тазартылған ағынды суларды Қаракөл көліне бұратын құбыр бөлшектелген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.