18-09-19 |
710 рет қаралған
Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы шыққан 10 адам қамауға алынды.
Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы шыққан 10 адам қамауға алынды

Qaharman адам құқығын қорғау бастамасы Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы акцияларға қатысқан 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын twitter- де жария етті.

Тізімге қарағанда, 9 адам он күнге бір адам бес күнге әкімшілік қамауға алынса, 3 адамға айыппұл салынған. Сондай-ақ, астаналық белсенді Болатбек Біләлов 4 қыркүйекте Жаңаөзен қаласындағы Қытай жобаларына қарсы шыққандарды қолдау акциясына қатысқандарды қолдауға шыққаны үшін 10 күнге қамалғаны туралы Азаттық жазады.

Елдегі Қытай жобаларына қарсы шыққан азаматтарды қудалау, әкімшілік жазаға тарту президент Тоқаетың Қытайға ресми сапарынан кейін болып отыр. Қыркүйек айының басынан бері бірнеше қалада Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы акциялар өтті. Сол тұста вице-прьемер Жеңіс Қасымбек Қытайдың Қазақстандағы 55 зауыт салу жобасына түсініктеме берген еді.

Жеңіс Қасымбек: 55 зауыттың 15 іске қосылған

Акицяларға қатысты Қытайдың Қазақстандағы елшісі де пікір білдірген болатын.

Чжан Сяо: Естерің дұрыс па?

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.