Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Бұл ретте, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.
Осы ретте, Департамент қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арыз шағымдарды қарау кезінде қызмет алушылардың уәждері расталған жағдайда бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті ұсынымдар жолданады.
Бүгінгі күні Департамент шағымдарды қарау барысында мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жұмысы қарқынды жүргізілуде.
Атап айтсақ, 2024 жылдың өткен кезеңде шағымдарды қарау нәтижесінде Департамент 29 қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.
Мысалы, бір кәсіпкер өз кәсібін кеңейту мақсатында сауда саттықты талап етпейтін жолымен жер учаскесіне құқықтарды беруді сұрап, жергілікті атқарушы органдар оған негізсіз бас тартты.
Осы орайда қызмет алушы бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін Департаментке шағымданды.
Департамент кәсіпкердің шағымын қарау нәтижесінде негізсіз бас тарту фактісін растап, кәсіпкердің өтінішін қайта қарап зағды шешім шығру туралы ұсыныс жолданды. Нәтижесінде жер учаскесіне құқықтарды беру туралы оң шешім қабылданды. Сонымен қатар бұзушылықтарға жолберген кінәлі лауазымды тұлғалары тиісті жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Департаментпен қашықтықтан бақылау жүргізу нәтижесінде 14 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Осылайша, сыртқы байқау жүргізу барысында Е-лицензиялау ақпараттық жүйесінде жер учаскесіне құқықтар алу туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмттердің мерзімі бұзылғаны анықталыды.
Атап айтқанда, қызмет алушыға жауап берілмеген. Департамент бұзушылықтарды жою бағытында ұсынымдар беріп кінәлі лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жұмысын тиісті деңгейінде жүргізу назарында болады.
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024