02-04-24 |
5130 рет қаралған
Бюджет қаражатын жымқырған бас бухгалтер мен директордың орынбасары сотталды.
Бюджет қаражатын жымқырған бас бухгалтер мен директордың орынбасары сотталды

Прокуратура Алматыдағы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтағанын мәлімдеді.

«2019 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төледі. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 млн. теңге көлемінде залал келтірілді», – делінген хабарламада.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.