01-11-24 |
5350 рет қаралған
Өткен айда шекарада 4,6 мың адам заң бұзған – ҰҚК.
Өткен айда шекарада 4,6 мың адам заң бұзған – ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында осы жылдың қазанында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып шекара кеңістігінде 4 640 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады.
Соның ішінде:

  • 27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
  • 30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту фактісінің алдын алынды, оның ішінде:

  • 41 факті – есірткі заты;
  • 91 факті – ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер);
  • 23 факті – діни әдебиет (2 001 дана);
  • 459 факті – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам);
  • 616 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 млрд теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 млн теңгеден астам);
  • 204 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 57 браконьерлік фактінің алдын алынды, сондай-ақ:

  • 31 дана – жүзу құралы;
  • 70 км тор – браконьерлік аулау құралы;
  • 299 дана (1 765,1 кг) – бекіре тұқымдас балық;
  • 904 дана (2 165 кг) – таза тұқымдас балық;
  • 13 дана – итбалық.
    Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 млн теңгені құрады.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай-да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.