28-02-24 |
2020 рет қаралған
Павлодарда экологиялық қауіпсіздік нормаларын есепке алмаған құрылысқа рұқсат берілмеді.
Павлодарда экологиялық қауіпсіздік нормаларын есепке алмаған құрылысқа рұқсат берілмеді

Прокуратура нүктелік (тығыздалған) құрылыстың алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Павлодар «Жастар» шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕТЖЖ) сәулет және жер заңнамасының нормаларына қайшы қабылданғаны анықталды.

Жергілікті атқарушы орган өнеркәсіптік зауыттардан максималды қашықтықты есепке алмай, көппәтерлі үйлер мен әлеуметтік нысандар салуды жоспарлаған.

Яғни, өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін жақын маңдағы тұрғын үй-азаматтық құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін болдырмау үшін бөлетін санитарлық-қорғау аймағы бұзылатын еді.

Жалпы құрылыс алаңы 186 гектарды құрады.

Қадағалау актісі бойынша заңсыз ЕТЖЖ жойылды.

Осыған дейін прокуратура Ертіс өзенінің маңында (су қорғау аймағының аумағында) оқушылардың өміріне қауіп төндіретін «Жайлы мектеп» салу туралы шешімнің күшін жойған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.