16-03-24 |
19010 рет қаралған
Павлодарда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері ақша жымқырды деген күдікке ілінді.
Павлодарда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Павлодар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері жеке көмекшілердің қызметіне ақы төлеуге бөлінген қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді.

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлеріне және басқа да адамдарға 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүру үшін жеке көмекшілердің қызметтеріне ақы төлеуге бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша ақшалай қаражатты іс жүзінде жеке көмекшінің қызметін көрсетпеген. тұлғаларға карт-шоттарға негізсіз аудару жолымен қылмыстық істі аяқтады. Қазіргі уақытта іс сотқа берілді», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға тиіс.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынуды қарау нәтижелері бойынша Павлодар қаласының әкімдігі бұдан былай осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша басқа да ұйымдастыру-басқару шараларын қабылдады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.