12-02-21 |
360 рет қаралған
Президент кәсіпкерлерге шығын келтіргендер ісін қылмыспен теңестіруді тапсырды.
Президент кәсіпкерлерге шығын келтіргендер ісін қылмыспен теңестіруді тапсырды

Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі жиында бірқатар мәселеге зерттеу жүргізуді тапсырды.

– Кәсіпкерлерге орасан зор шығын келтірген мемлекеттік аппарат пен басқа да тұлғалардың ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек деп санаймын. Бұл мәселені шұғыл түрде заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу қажет.

Сіздер айтқандай, бизнестің мүддесін қорғауға және ілгерілетуге қатысты «кедергілер арқылы жүгіру» дейтін лабиринт бар сияқты. Мәселені іс жүзінде де, заңнамалық бастамалар тұрғысынан да шешу керек. Бұған қатысты тиісті тапсырма беремін. Ал арбитражға, сарапшылар қауымдастығын тартуға байланысты нақты мәселелерге келер болсақ, бұл ұсыныстарға жете мән беру қажет деп ойлаймын. Мәселені тиісті мемлекеттік органдар мен Үкімет қарастырып болғаннан кейін, шұғыл түрде нақты шешімдер қабылдаған жөн, – деді Мемлекет басшысы.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.