29-03-24 |
18840 рет қаралған
Sensata құрылыс компаниясын Бишімбаевпен не байланыстырады?.
Sensata құрылыс компаниясын Бишімбаевпен не байланыстырады?

Sensata ірі құрылыс компаниясы бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның серіктестерінің бақылауында екені бүгінгі сотта айтылды.

«Менің білуімше, бұл ғимарат («Гастро-центр») Қуандық пен оның серіктестеріне, сондай-ақ «Sensata» компаниясына тиесілі, мұнда Бақытжан (Байжанов, Бишімбаевтың туысы, «Гастро-центр» директоры) директор, өйткені мен пәтер сатып алғанда Бақытжан аздаған жеңілдік жасады», – деді Айтым Амангелді бүгінгі сотта.

Прокурор сонымен қатар Бишімбаев пен Байжановтың қарым-қатынасын сұрады.

«Мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын, тек пәтерге қатысты барлық нұсқауларды Байжанов орындаған, ал Sensata көзқарасы бойынша бәрі Байжанов арқылы өткен», – деді Амангелді.

Ақпаратқа сәйкес, Sensata премиум, бизнес және комфорт класындағы тұрғын үйлерді салуға маманданған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 9 қараша күні кешке әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын. 2024 жылдың 8 қаңтарында экс-министр Бишімбаевты айуандықпен өлтірді деген айып тағылған қылмыстық іс аяқталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.