«СК-Фармация» экс жетекшісі Берік Шәріп лауазымының құзіретін асыра пайдаланғанын мойындамады. Оған қатысты сот ісі Нұр-Сұлтанда Есіл ауданындағы отырыста өтіп жатыр.
“Прокурор мырзаның күлкісі келіп отырған сияқты, менің де күлкім келеді, көңілім құлазиды да. Мен ештеңе ұрламадым, мүмкіндігінше ашық жұмыс істедім. Бірінші жылы 26 млрд теңге үнемдедім. Есімде, мынандай қаржыны үнемдесең, біреулер осындай сомада ақша табатынын деп айтқан кезде болған”,- деді Берік Шәріп.
Осылайша, компаниямен обаға қарсы костюмдерді жеткізуге 8 млрд теңгеден астам шарт жасалды. Жеткізуші алдын ала төлем алды, бірақ өз міндеттемелерін орындамаған. Борт Қытайдан Қазақстанға екі рет жүксіз келген.
Компания басшысы Берік Шәріптің айтуынша, бұл форс-мажорлық жағдайларға байланысты орын алған. Бастапқыда дистрибьютор стандартты процедурадағыдай бірнеше ай күтпеу үшін жеделдетілген форматта компаниямен келісім жасады.
Берік Шәріп барынша ашық жұмыс істегенін айтады. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыптан басқа, сотталушыға қаруды сақтауға байланысты айып тағылды. Айтуынша, ол қаруды өзін-өзі қорғау үшін шамамен 15 жыл бұрын сатып алған және ешқашан пайдаланбаған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024