11-06-24 |
10480 рет қаралған
Жол құрылысы саласында соңғы 3,5 жылда жемқорлық бойынша 38 адам сотталды.
Жол құрылысы саласында соңғы 3,5 жылда жемқорлық бойынша 38 адам сотталды

Соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 64 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеп, 70 адамды әшкереледі, 38 адам сотталды. Залал сомасы 8,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали мен Көлік министрі Марат Қарабаевтың қатысуымен өткен бірлескен кеңесте айтылды.

Негізінен қылмыстар парақорлық, жымқыру, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілерімен байланысты болған.

Жол жұмыстары сапасының төмендігі құрылыстың барлық кезеңдерінде (бюджеттік жоспарлау, жобалау, сметалық жоспарлау, жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы, техникалық қадағалау, қабылдау, пайдалануды бақылау) жүйелі жемқорлық тәуекелдерімен байланысты.

«Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жол саласына бөлінген барлық қаражатты жоспарлау және жұмсау үдерістері зерделеніп, жол құрылысының халықаралық тәжірибесін, атап айтқанда, Гонконг, Сингапур, Қытай тәжірибесін зерделеуге ерекше назар аударылатын болады. Талдау нәтижелері бойынша жол құрылысының барлық кезеңдерінде жемқорлық тәуекелдерін жою және жолын кесу күтілуде. Ғылыми қауымдастықпен бірлесіп құрылыстың жаңа технологияларын енгізу тетіктері әзірленіп, ұсынылатын болады», – деп атап өтті Асхат Жұмағали.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жол құрылысы саласындағы қалыптасқан жағдайды өзгерту бойынша кешенді шараларды белгіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.