17-07-20 |
470 рет қаралған
Қырғызстан коронавирус пен пневмания статистикасын қосты.
Қырғызстан коронавирус пен пневмания статистикасын қосты

Фото:elgezit.kg

Қырғызстан коронавирус пен ауруханадан тыс пневмания аурулары статистикасын бірге есептейтін болды. Бұл туралы 24.kg Қырғызстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Аида Исмаилованың сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аида Исмаилова Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияны және оның асқынуларын, соның ішінде ауруханадан тыс пневмонияны, стационарлық және амбулаториялық көмек көрсету үшін емдеу бойынша үшінші клиникалық басшылықты бекіткенін еске салды.

Оның айтуынша, ДДҰ қабылдаған АХЖ-10 ауруларының халықаралық классификациясына сәйкес, коронавирус ТЖ жағдайында қолданылатын 07 класына жатады.

«Егер ауру зертханалық расталса, онда ол U-07.1 коды бар. Егер жоқ болса, бірақ клиникалық және, мүмкін, рентгенологиялық тұрғыда расталсы — U-07.2. Коронавирустық инфекцияның көріністерін емдеудің бірыңғай тәсілі үшін денсаулық сақтау министрлігі ауруханадан тыс пневмония екінші кодқа жататыны туралы бұйрық шығарды. Осылайша, ауруханадан тыс пневмонияның статистикалық жағдайлары COVID-19 көрінісі болып саналады», деп мәлімдеді премьер-министрінің орынбасары.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.