08-10-20 |
680 рет қаралған
Қырғызстан: Парламент кезектен тыс сессияны құпия өткізеді.
Қырғызстан: Парламент кезектен тыс сессияны құпия өткізеді

Қырғызстан қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Омурбек Суваналиев кезектен тыс сессия өткізу үшін Жоғары Кеңес депутаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын. Бұл жайында «Демократия мен азаматтық қоғам үшін» коалициясының жетекшісі Динара Ошурахунова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір елді тек парламенттің кезектен тыс сессиясын өткізіп қана заңға бағындыруға болады. Бірақ депутаттар өздеріне қауіп төнгендіктен бас қоса алмай отыр.
«Кеше видео мен трансляциялар көп болғандықтан депутаттар шешім қабылдай алмады. Олар бас қосқан қонақ үй жарықты сөндіріп, ғимаратты босатуды сұрады. Бизнес өкілдерін де түсінуге болады. Қонақ үйді қиратып кетсе шығынын ешкім өтемейді. Біз Омурбек Суваналиевпен сөйлестік. Ол депутаттарды қорғауға әзір. Тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жиналыс өтетін орын кұпияда сақталады», — деді Динара Ошурахунова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.