20-08-20 |
240 рет қаралған
Қырғызстан Қытайдан алған қарызын жеңілдетуді сұрады.
Қырғызстан Қытайдан алған қарызын жеңілдетуді сұрады

фото: mfa.gov.kg

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен телефон арқылы сөйлесіп, әңгіме барысында Қырғызстанның Қытайдан алған қарызын коронавирус пандемиясының экономикаға тигізген кері әсері байланысты жеңілдетуді сұраған. 

«Коронавирус пандемиясы макроэкономикалық жағдайға да кері әсерін тигізіп жатқанына байланысты Қытайдан сыртқы қарызды жеңілдетуді сұрадық» делінген Қырғыз СІМ министрлігі ақпаратында.

Орталық Азия жаңалықтарының дерегінге, Қырғызстанның қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, сыртқы қарыз 4,7 млрд долларды құрайды.

Қарыздың 43,2 проценті Қытайдың экспорт-импорттық банкінен алынған. Яғни Қытайға 1 млрд 775 млрд доллар қарызы бар.

Биыл қырғыз үкіметі коронавирус пандемиясымен күресу үшін сырттан 742, 9 млн доллар қарыз сұраған. Оның басым бөлігі несие ретінде берілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.