07-10-20 |
420 рет қаралған
Қырғызстанда түн қалай өтті?.
Қырғызстанда түн қалай өтті?

Қырғызстанда 6 қазанның кешінде болған басты оқиғалар.

1. Кешкі 9 кезінде Жоғарғы Кенес премьер-министр лауазымына Садыр Жапаровтың кандидатурасын бекітті. Бұрынғы премьер Кубатбек Боронов отставкаға кетті.

2. Парламенттің жаңа спикері сайланды. Отставкаға кеткен Дастан Джумабековтың орнына «Бир Бол» фракциясының депутаты Мыктыбек Абдылдаев келді.

3. Ош қаласында депутат Дуйшон Торокулов өзін қала басшысы деп жариялады. Алайда, Мелис Мырзакматовтың жақтастары оны қолдамады. Сондықтан саясаткер түнде Ош қаласына ұшып келді. Бұл оқиғаның қалай өрбитіні бүгін белгілі болады.

4. Түнгі 11-ге қарай белгісіз біреулер қаржы полициясының ғимаратына шабуыл жасамақ болды.

5. Соңғы тәулікте Бішкек басшысы екі рет ауысты. Кеше уақытша мэр болып Алмаз Бакетаев тағайындалды (бұрын ол астана мэрінің орынбасары болған).

6. Түнде белгісіз біреулер «Нават» дәмханасы, «Vefa» сауда үйі мен басқа да мемлекеттік нысандарға ойран салмақ болды. Алайда, ерікті жасақтар оған жол бермеген. Жалпы 6-нан 7 қазанға қараған түні Бішкектегі тәртіпті халықтың өзі қадағалағанын айта кеткен жөн.

Фото akipress.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.