07-08-23 |
1180 рет қаралған
Ресей Қазақстанда кімдердің көзін құртқысы келеді?.
Ресей Қазақстанда кімдердің көзін құртқысы келеді?

Ұзақ жылдары бойы осы тізімде антипутиншіл көзқарасын жасырмайтын қоғам қайраткері Арман Шораев көш бастап келген еді. Енді солтүстік көршінің ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевті атарға оғы болмай жүр.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға жақын DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

Олар Жамаубаевті АҚШ комиссарларының жетегінде кетіп, Ресейдің параллельді импортына шектеу қоя алатын «тауарларды онлайн бақылау» жүйесін енгізді деп айыптап отыр. Жалпы, Кремльдің ойынша Жамаубаев санкцияларды орындауда сылбыр қимылдаудың орнына, тым ширақ, белсенді жұмыс істеуде.

Енді Арман Шораев тізімде екінші орынға түсіп қалды. Сонымен қатар, Ресейге «дос емес» Қазақстан азаматтарының тізіміне саясаттанушы Досым Сәтбаев, экс-ақпарат министрі Асқар Умаров, экс-консул Мейрам Қанапия, сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед, депутат Асхат Аймағамбетов, бас прокурор Берік Асылов (Қазақстанда Z, V символикаларына тиым салу туралы бастамасы үшін), блогер Оңғар Қабден кіреді.

Антитізіммен қатар, Ресейдің достары жазылған тізім де бар.

Ресейді қолдайтын, болашақта марапатқа ие болуы тиіс тұлғалардың арасында депутат Айдос Сарым, саясаттанушылар Петр Своик, Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов, журналист Анастасия Ахметова, дінтанушы Мұртаза Бұлұтайды атап өтуге болады.

Оған қоса тізімде түрлі әскери жастар клубтарының жетекшілері, орыстілді бірнеше сайт редакторлары да кезігеді.

Arasha.kz

ФОТО: дереккөз

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.