27-09-23 |
1740 рет қаралған
Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты сұраққа жауап берді.
Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін Мәжіліс отырысына келген Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке Самат Әбішке қатысты сұрақ қойылды.

Әсет Қазақбайұлының айтуынша, Самат Әбіштің қылмыстық ісіне байланысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Қылмыстық процестік кодекстің талабына сәйкес, тергеу деректерін жариялануға болмайды. Сол үшін қазіргі таңда беретін ақпарат осы. Өйткені бұған байланысты Бас прокуратура ақпарат берді. Самат Әбіш сыртқа шықпау туралы қолхатпен елде жүр. Елден кетпеу туралы қолхат жазған адамның үйінің алдында арнайы қарауыл қойылмайды. Тергеуші шақырған кезде үйінен келеді. Өзі қорғаушылар мен және басқа да тұлғалармен кездесе алады. Ал арнайы қарауыл үйқамаққа алынған кезде қойылады. Ал құқықтық статусына қатысты ешқандай ақпаратым жоқ»,-деді ол.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қаңтар көтерілісінен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары қызметінен кеткен болатын.

Аталған комитетті басқарған Кәрім Мәсімов пен оның бірнеше орынбасары түрмеге қамалған кезде, Самат Сатыбалдыұлына қатысты ешқандай іс қозғалған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.