26-11-20 |
500 рет қаралған
Сарышағанда Ресей әскерилері кезекті сынақ жасады (видео).
Сарышағанда Ресей әскерилері кезекті сынақ жасады (видео)

Сарышаған әскери полигонында Ресей әскерилері ракетаға қарсы жаңа құрылғыны сынақтан өткізді. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады. Сарышаған полигонын ұшырылған құрылғы нысанаға дәл тиген.

Ресей Сарышаған әскери полигонын 1998 жылдан бері Қазақстаннан жалға алып отыр. Жалға алу туралы келісімге 2016 жылы өзгеріс енгізілген.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Мұхтар Тайжан бастаған қоғам белсенділері Ресейге жалға берілген әскери полигондарды жабу туралы бастама көтерген еді.

Бірақ Ресейге жалға берілген әскери полигондар жабылған жоқ. Ол полигондарда Ресей әлі де әскери техникасын сынақтар өткізіп жүр. Соның кезектісі  – Сарышағандағы сынақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.