18-04-23 |
1070 рет қаралған
Солтүстіктегі сепаратизм: Үш адам қамауға алынған.
Солтүстіктегі сепаратизм: Үш адам қамауға алынған

Солтүстік Қазақстанда «Халық кеңесін» жариялаған 19 адамға қатысты Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы брифинг өткізді.

«Үш адам ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды. Қалған адамдарға да тергеу амалдары жүріп жатыр. облыстық ҰҚК департаментімен бірлескен тергеу комиссия жұмыс істеп жатыр. Саясаттанушылар мен өзге де мамандар сараптама жасап, «сепаратизм және мемлекеттік қүрылысқа қауіп төндіру» деген қортынды жасады. Бұл – ауыр қылмыс санатына жатады. Он жылға дейін бас бостандығынан айырылады, – облыстық прокуратура өкілі.

Солтүстік Қазақстанда 19 адам 19 наурыз күні «Халық кеңесін» құрып, «Қазақстаннан бөлінеміз» деп мәлімдеген видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамдық резонанс тудырған еді. Кейін қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.