09-01-20 |
620 рет қаралған
Түркістан облысында сот журналистті ақтап, кешірім сұрады.
Түркістан облысында сот журналистті ақтап, кешірім сұрады

фото: Дилара Иса, Азаттық

«Жала жабу» және «Қорлау» бабымен 2 жыл 3 айға сотталған журналист Амангелді Батырбековтің апелляциялық шағымын қараған Түркістан облыстық соты оны ақтап шықты. Бұл туралы сот Азаттық тілшісі Дилара Иса хабарлаған.

Азаттықтың хабарына қарағанда, сот үкімін оқыған сот алқасының төрағасы Таубай Қадырбаев «Батырбеков сот залынан босатылсын» деді.

Облыстық сот журналистің апелляциялық шағымын 13 қараша күні қарай бастаған.

Сәрсенбі, 8 қаңтарда Қазақстанның әр аймағынан келген журналистің жақтастары сот ғимаратының күту залында журналиске қатысты сот қаулысы сол күні оқылсын деп талап етіп, бірнеше сағат тұрған. Сот отырысы кешкі 17.00-де бітсе де, жиналғандар Алматы уақыты бойынша сағат 20.00-ге таман бір-ақ тараған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.