20-01-18 |
5970 рет қаралған
Түркияда жол апаты болып, 11 адам мерт болды.
Түркияда жол апаты болып, 11 адам мерт болды

Анкарадан Бурса қаласына бара жатқан туристер автобусы жол-көлік апатына түсті. Болжам бойынша 11 адам көз жұмып, 46 адам зардап шеккен.

Түркияда 11 адамның өмірін қиған ірі жол апаты орын алды.
Көлік ағашқа соғылған. Апат қаңтардың 20 күні таңертең Эскишехир провинциясында орын алды. 46 жолаушы түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.

Эскишехир губернаторы Оздемир Чакачак марқұмдар үшін құран бағыштап, зардап шегушілердің тезірек жазылуын тіледі.

Оның сөзінше, жол бос және тайғақ болмаған. Жолаушылардың ішінде балалы отбасылар болған деп жазады TheJournal.ie.

Олар демалыстарын танымал таулы курор Улудагта өткізбекші болған.

Жүргізуші мен көмекшісі қамауға алынды. Болжам бойынша, апатқа аяқ астынан жүгіріп шыққан жануар себеп болуы мүмкін.

Еске салсақ, ауа-райының қолайсыздығына байланысты соңғы күндері Түркияда үш бірдей ірі жол апаты орын алды.

Дереккөз: nur.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.