24-09-19 |
550 рет қаралған
Трамп өзіне Нобель сыйлығы берілмегеніне шағымданды.
Трамп өзіне Нобель сыйлығы берілмегеніне шағымданды

АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель сыйлығын тағайындайтын комиссия әділетсіз екенін айтты деп хабарлайды politico.com сайты.

Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен өткен екіжақты брифингте журналистердің бірінің:

  • «Кашмир мәселесіне байланысты Үндістан мен Пәкістан арасындағы дау-дамайда АҚШ президенті жақсы дәнекерлік жасағаны үшін Нобель Бейбітшілік сыйлығын алуына болушы еді»,-деген сөзіне Трамп:
  • «Нобель сыйлығын әділетті түрде берген болса, мен көп нәрсеге байланысты алуыма болушы еді, бірақ олар ондай емес», – деп мәлімдеді Дональд Трамп журналистің сұрағына жауап беру кезінде.

Трамп мысалға АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы келтірді:

  • «Обама президент бола салысымен сыйлықты қолына ұстатты. Оның өзі не үшін Нобель сыйлығын алғанын түсінген жоқ», – деген Трамп өзінің де Обамаға не үшін Нобель сыйлығы берілгенін түсінбегенін айтты.

Барак Обама Нобелдің Бейбітшілік сыйлығын 2009 жылы президент болып сайланғаннан 9 ай өткенде алды. Оған «халықаралық дипломатияны нығайтқаны үшін» және ядролық қаруды таратпауға үндегені үшін берілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.