18-02-21 |
230 рет қаралған
Трамптың 39 қабатты қонақ үйі қиратылды.
Трамптың 39 қабатты қонақ үйі қиратылды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа тиесілі болған 39 қабатты казино мен қонақ үй сүрілді деп хабарлайды РИА Новости.

Нью-Джерси штатының Атлантик-Сити қаласындағы 39 қабатты Trump Plaza қонақ үйі мен казиносы толығымен жойылды.

Ғимараттың жермен жексен болу сәтінен видео желіде тарап кетті.

Ғимарат 1984 жылы мамыр айында ашылып, қала бойынша оныншы казино болған. Алайда нысан 2014 жылы жабылып, мыңдаған адам жұмыссыз қалған. Казино жұмысы тоқтағаннан кейін 2016 жылы меншік құқығы Trump Entertainment Resorts-тан Icahn Enterprises-ке берілген.

Атлантик-Ситидің мэрі Марти Смолл 2020 жылы қирай бастаған ғимаратты сүріп тастау туралы шешім шығарғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, АҚШ-та өткен жылы президент сайлауы өтті. Саяси додада Джо Байден жеңіске жетіп, елдің 46-президенті атанды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.